11-02-22 |
340 рет қаралған
Енді Қазақстанның білім беру, теміржол, ғарыш және энергетика салалары Ресеймен бірлесе дамиды.
Енді Қазақстанның білім беру, теміржол, ғарыш және энергетика салалары Ресеймен бірлесе дамиды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен бірлескен жұмыстар үшін 11 құжатқа қол қойды.

 

Қазақстан мен Ресей басшылары білім саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Әсіресе «Болашақ» бағдарламасы аясында Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарының желісін кеңейту және Ресейде мамандарды даярлауға басымдық берілген.

Келіссөздер нәтижесінде білім беру, теміржол көлігі, цифрландыру, ғарышты игеру және атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлау салаларында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясының цифрлық даму, коммуникациялар және бұқаралық ақпарат министрлігі арасындағы цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу туралы өзара түсіністік туралы меморандум.

2. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясы арасындағы жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттарының деректерімен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум.

3. Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі мен «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум.

4. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

5. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

6. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы мен «Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

7. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «MISIS» ұлттық ғылыми технологиялық университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

8. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы мен «MEPhI» Ұлттық зерттеу ядролық университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

9. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы мен «Мәскеу физика-техникалық институты» федералды мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

10. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (Ұлттық зерттеу университеті)» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

11. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы мен «ITMO Ұлттық зерттеу университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.