12-03-20 |
300 рет қаралған
Ералы Тоғжанов коронавирустың таралуына байланысты той өткізбеуге кеңес берді.
Ералы Тоғжанов коронавирустың таралуына байланысты той өткізбеуге кеңес берді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтардан әзірге той, туған күн өткізбеуге кеңес берді.

«Барлық қазақстандықтарға үндеу жасағым келеді. Той, туған күн, мереке – өте маңызды оқиғалар, бірақ денсаулық маңыздырақ. Мұндай іс-шараларды өткізуге бел байлағандар жақсылап ойлануы тиіс. Бізде әсіресе, көп адам шақырып тойлағанды жақсы көреді.

Менің ойымша, қонақтар санын барынша қысқарту керек. Бірақ біз бұндай шараларды кейінге қалдыруға кеңес береміз», – деді Тоғжанов.

Айта кетейік, ДДСҰ жаңадан шыққан коронавирусты пондемия деп жариялаған.

ДДСҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде наурыз мерекесі және Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпейтінін мәлімдеген.

Коронавирус: Наурыз мерекесіне және Жеңістің 75 жылдығына арналған шаралар өпейтін болды

Елімізде мәдени және спорттық шаралар өткізілмейді, 16 наурыздан бастап мектептердің көктемгі демалысы басталып, жоғарғы оқу орындары онлайн режимде білім алатын болады. Сонымен қатар театрлар мен кинотеатрлар жабылады.

Тоқаев пандемияға байланысты мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.