09-08-22 |
800 рет қаралған
Франция ресейліктердің тарихи орындарға кіруіне тыйым салды.
Франция ресейліктердің тарихи орындарға кіруіне тыйым салды

Француз БАҚ-тары ресейлік азаматтарға Париж маңындағы тарихи Винченге баруға тыйым салынғанын мәлімдеді. Айтуларынша онда Франция Қорғаныс министрлігінің мұрағаты орналасқан.

Франс пресс агенттігінің мәліметінше, Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіруіне байланысты ел билігі орыстарға тарихи ғимараттарға кіруіне шектеу қойған.

Винчен қамалы XIV ғасырда салынған және біраз уақыт Француз королдерінің резиденциясы болған. Дегенмен, қазір мұнда француз қорғаныс тарихын зерттеу орталығы орналасқан және ондағы кітапхана көпшілік үшін ашық.

Агенттіктің хабарлауынша, 28 шілдеде екі Ресей азаматын қамал аумағына кіргізбей қойған.

Олардың бірі, бес ай бұрын соғыс салдарынан Ресейден кетіп қалған журналист әйел. Ол Ресей төлқұжатын көрген күзетші оны кіреберісте тоқтатқанын агенттікке айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.