14-08-22 |
380 рет қаралған
Хаменова: «2,5 миллионды Жәнібекке бер, ал 2 – әзірге өзіңде болсын».
Хаменова: «2,5 миллионды Жәнібекке бер, ал 2 – әзірге өзіңде болсын»

12 тамызда №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс бойынша екінші отырысы өтті, деп жазды АқЖайық басылымы.

Еске сала кетсек, төрағалық етуші судья Жұмағали Ташимов. Айыптаушы ретінде Атырау облысы прокуратурасындағы басқарма прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Лаура Асанова қатысты. Хаменова мен Рысқалиевтің адвокаттары – Игорь ВРАНЧЕВ пен Нұрлан ЖОЛБОЛОВ, ал Адамовтың қорғаушысы – Нұр-Сұлтандық Марат АЗМАҒАМБЕТОВ.

Бір сағат бойы үш айыпталушыға қатысты айыптау актісі оқылды. Хаменованың айыптау актісі 55 бет болған.

Процеске Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза УКЕШОВА мен Махамбет ауданы, Сарайшық ауылының әкімі Жексенбай ФАЗУЛОВ куә ретінде шақырылып, сотталушылармен қандай байланысы болғаны жөнінде жауап алынды.

Л.Укешова Абай ескерткішін салу бойынша өзінің қызметіне қатысы бар дәлелдерді айтты.
Мен бұл бөлімде 2020 жылдан бері жұмыс істеймін. Ал, Абай ескерткішін орнату 2018 жылы мақұлданып, 2019 жылдары «Балқыту» ЖШС бір көзден орындаушы болып шешіліп қойған. Бірақ сол кезде жұмысты бастауға қаржы қаралмаған. 2021 жылы қалалық мәдениет бөлімі осы мекемемен келісімшартқа отырып, мемлекеттік сатып алу заңдылығы бойынша жұмыс істедік, – деді Укешова. – Келісімшарт жасау, жұмысты бастау кезінде телефон арқылы Адамовпен («Балқыту» ЖШС директоры) бірнеше рет және Рысқалиевпен (Мәдениет басқармасының басшысы) сөйлестім. Жұмыс барысында Адамов маған қоңырау шалып, неге жұмыстың 50 пайыз ақшасының ішінен 20 пайызын ғана аударасыз, мен ол ақшаға ескерткіш орната алмаймын. Жалпы соманың 20 пайызын неге аудармайсыз деп ұрысқаны бар. Мен келісімшарт негізінде жұмыс істедім. Жұмыс аяқталған кезде Ақылбек Аманбайұлы (Рысқалиев) қоңырау шалып, «ескерткіш дайын тұр, көріп келдім. Акттарды алып келе жатырмын, меннен алып кетерсіз»,- деді.

Ал, Сарайшық ауылының әкімі Жексенбай Фазулов «Алтын орда» конференциясына қатысты және сол шараны ұйымдастырушы болған Облыстық халық шығармашылығы ғылыми әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» КММ басшысы Жәнібек Аманиязовпен (Аманиязовтың өзі куәгер ретінде шақырылса да, сотқа келмей қалды) қалай байланысқаны жөнінде сұрақтарға жауап берді. Еске салсақ, прокурордың айыптау актісінде Хаменова Рысқалиевке «екіні өзіңе ал да, екі жарымды Жәнібекке беріп қой» деген айғақ айтылған еді.

Жексенбай Фазуловтың жауабы:
«Былтыр Сарайшық ауылында «Алтын Орданың» 750 жылдығына арналған конференция өтетін болды. Оған шетелден қонақтар келетін болған соң, ауылдың келбетін келтіру үшін ауданнан, облыстан қаржы бөлінетіні айтылды. Біз ауылды ретке келтіріп, қонақтарды қарсы алуға 6 млн теңге қаржы қажет екенін айттық. Алайда конференцияға 10 күн қалғанша қаржы бөлінбеді. Бір апта қалғанда облыста жиналыс өтіп, «бюджеттен қаржы бөліп үлгермейміз, демеушілердің қаржысы арқылы жұмыстар жасалады» деді. Осыдан кейін қасымда аудан әкімі екеуміз ауылға қайтып, жұмысты бастадық. Ауылдың кіреберісінен бастап қоқыстан тазартып, баннерлерді жаңарттық, мұражай мен мешітті ақтап-сырладық және т.б. Мұның бәрі менің жеке қаражатыма жасалды. Демеушілікпен аз қаржы бөлініп, ол менің шығынымды жаппады. Сарайшықтағы шараны ұйымдастырушы Жәнібектен «Менің қарызымды қашан береді?» деп сұрағанымда, ол шара біткен соң үйлестіреді деді. Махамбет ауданының әкімі де солай деп айтты. Сол кезде Жәнібекпен қоян-қолтық жұмыс істедік. Бірақ мен ауылдың тазалығынан басқа іске араласпадым»,-деді ол.

«Хаменова кеңседе Рысқалиевпен сөйлескен. Ол Рысқалиевке 2,5 миллионды Жәнібекке (облыстық халық шығармашылығы орталығы) бер, ал 2 – әзірге өзіңде болсын деді. Кейін Хаменова Рысқалиевке телефон шалып: «Сақ бол, сенің артыңнан қарап жүрген адам көп» деп ескерткен.

Айыптау актісі жарияланғаннан кейін Бақытгүл Хаменова онымен келіспейтінін және өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Ақылбек Рысқалиев тек делдал болғанын, өзі пара алмағанын айтты.

Өміртай Адамов айыптау актісімен келісті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.