15-05-23 |
390 рет қаралған
ХҚКО қызметкерлері шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген.
ХҚКО қызметкерлері шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген

Елордалық мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінің ұсталуына қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы түсініктеме берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі елордалық мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерін ұстауға мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері бастамашы болғанын жеткізді.

«2022 жылдың 20 сәуірінде 01-28-08/3077 нөмірі бойынша Антикорға іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Астананың арнайы ХҚКО-ларында 16 көлік құралын заңсыз тіркеу фактісі орын алғаны туралы хат жолданды», – делінген хабарламада.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлерінен тұратын ұйымдасқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағаны белгілі болды.

Антикор атап өткендей, қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркегені анықталды. Осыған байланысты мемлекетке 1,4 млрд теңге сомасында аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Қылмыс жасады деген күдікке барлығы 30 адам ілініп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.