13-09-22 |
380 рет қаралған
Мұхтар Әбілязовтың Қытайда жүрген сыбайласы елге қайтарылды.
Мұхтар Әбілязовтың Қытайда жүрген сыбайласы елге қайтарылды

Антикор Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылғанын хабарлады.

«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович іздеуде болды.

2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады.

2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.

Ү.ж. 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.