27-01-20 |
350 рет қаралған
Нұр-Сұлтанда тағы боран.
Нұр-Сұлтанда тағы боран

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 27 қаңтарда қар, бұрқасын күтілетінін хабарлайды.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кейбір жерлерде 23-28 м/с. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

– мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

– көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

– құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектесін;

– автокөлігіңізді  гаражға қойыңыз, гараж болмаған жағдайда ағаштардан және ескі құрылыстардан, әлсіз құрылыстардан алыс қойыңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.