15-09-22 |
280 рет қаралған
Никол Пашинянға импичмент жариялануы мүмкін.
Никол Пашинянға импичмент жариялануы мүмкін

Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға импичмент жариялау туралы құжатқа қазір «Армения» және «Менде абырой» оппозициялық фракцияларының 35 депутатының қолы қойылған. Бұл туралы 15 қыркүйекте «Армения» фракциясының жетекшісі, елдің бұрынғы қорғаныс министрі Сейран Оганян мәлімдеді, деп жазды Iz.ru.

Сейран Оганянның айтуынша, саясаткерді биліктен кетіру үшін басқарушы Азаматтық келісім фракциясының көбірек дауысы қажет.

«Процесті аяқтау үшін басқарушы фракцияның 18 дауысы қажет», – деді Оганян парламент ғимараты алдындағы митингіде.
Сондай-ақ экс-министр Оганян Үкіметті қолдайтын депутаттарды бұл бастамаға қосылуға шақырды.

Бұған дейін Армения Парламентіне оппозиция депутаттары Пашинянға импичмент жариялау бойынша дауыс беру үшін келген. Олар Парламент ғимаратына қызметтік кіреберіс арқылы кірген.

Шерушілер Пашинянның жақтастары тез арада келмесе, оларды күшпен әкелетінін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.