21-11-19 |
310 рет қаралған
Павел Дуров мессенджер қолданушыларын WhatsApp-тан бас тартуға шақырды.
Павел Дуров мессенджер қолданушыларын WhatsApp-тан бас тартуға шақырды
 Telegram мессенджерін құрған Павел Дуров  WhatsApp-тың қауіпсіздігі солқылдақ деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында айтады.
«WhatsApp тек қана сіздердің жазбаларыңызды қорғамайтыны блай тұрсын, бұл қосымша  фотосуреттер мен хабарламаларды аңдуға арналған үнемі троян аты ретінде қолданылатын мессенджерге қатысы жоқ дүние», — деп жазады Павел Дуров өзінің Telegram-каналында.
Дуровтың пікірнше мәселе WhatsApp месенджері тиесілі болып саналатын Facebook-тің саясатында жатыр.
Сосын ол бағдарлама қауіпсіздігінің әлсіздігі бэкдор болуы мүмкін (ақпараттарды заңсыз алу үшін бағдарлама жасаушы әдейі енгізген алгоритм деффектісі — ред.).
 Дуров Telegram мессенджерінің жұмыс істеген алты жылында бағдарлама қауіпсіздігімен мәселелер кездескенін айтады. Бірақта WhatsApp-та мәселе бағдарламаның жетілдірілмегенінде деп ойламайды.
«Бағдарламаның қауіпсіздік жүйесінде біреу байқаусызда үнемі аңдуға ыңғайлы болатын үлкен ақау тудыруы мүмкін деп ойламаймын», —деп жазады ол.
Сөйтіп Telegram авторы қолданушыларды WhatsApp месенджерінен бас тартуға шақырды.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.