26-12-19 |
3180 рет қаралған
Павлодар әкімінің портреті қандай мақсатта сатылғаны белгілі болды.
Павлодар әкімінің портреті қандай мақсатта сатылғаны белгілі болды

Біз осыған дейін Павлодар қаласы әкімі Болат Бақауовтың портретін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин аукционда 31 млн теңгеге сатқаны туралы жазғанбыз. Әкімнің портреті қандай мақсатта сатылғаны белгілі болды.

Ол әкімнің қайырымдылық балында зағиптарға көмек ретінде сатылған деп жазады @yyedilov телеграмм каналы.

Мұндай аукционда кез келген затты қайырымдылық мақсатта сатуға болады. Ол өз құнынан бірнеше есе асып кетуі мүмкін. Көбінесе сатып алушылар алған затты тұтыну үшін емес, қайырымдылық мақсатта ақша беру үшін сауда жасайды. Әкімнің портреті сондай заттардың бірі болған. Ол жерде Ертіс футбол командасы ойыншыларының қолтаңбасы бар доп, кәдесыйлар саудаға қойылған. Саудадан түскен қаражаттың барлығы Палодардың зағиптар қорына аударылатын көрінеді. Мұндай аукционды жыл сайын Болашақ ассоцациясы ұйымдастырады екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.