08-09-22 |
430 рет қаралған
Президент сайлауына 20 млрд теңге бөлінбек.
Президент сайлауына 20 млрд теңге бөлінбек

Қазақстан үкіметі биыл күзде өтетін кезектен тыс президент сайлауына шамамен 20 млрд теңге қаржы бөлмек. Бұл туралы бүгін, 8 қыркүйекте мәжіліс кулуарында қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева айтты, деп жазды Азаттық радиосы.

«Президент сайлауы 2024 жылға жоспарланғандықтан оның бюджеті сол жылға есептелген еді. Бірақ өзгерістер мен жаңа тапсырмаларға байланысты қаржы үкімет резервінен бөлінеді. Қазір Орталық сайлау комиссиясы есептеп жатыр. Кезектен тыс президент сайлау шығыны – шамамен 20 млрд теңге», – деді Савельева журналистерге.

Вице-министрдің сөзінше, шығынның көбі сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысына кетеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.