16-02-23 |
900 рет қаралған
Прокуратура жұмыспен қамту саласында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.
Прокуратура жұмыспен қамту саласында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура жұмыспен қамту мәселесімен айналысатын жергілікті атқарушы органды тексеріп, қорытындысын шығарды.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тексерістің қорытындысы ведомствоаралық кеңестің отырысында жария етілді.

Прокурорлар жұмыспен қамтуға қатысты әкімдіктерді тексеру нәтижесінде көптеген былықтың беті ашылып отыр. Мәселен, қысқа мерзімді оқыту, жұмысқа орналастыру қағаз жүзінде ұйымдастырылған. Бизнес бастамаларды қолдауға бөлінген мақсатты гранттар игерілмеген. Ал жұмыспен қамту орталықтары өз ісіне салғырт қараған бағдарлама қатысушыларына қатысты шағымданбаған.

«Тексеру нәтижелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарының басшыларын қатаң тәртіптік жауапқа тарту және мемлекеттік бюджетке 38 млн теңгені қайтару туралы мәселе көтерілді. Заңбұзушылықтарды жою туралы қадағалау актілері енгізілді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Облыс прокурорлары өңір тұрғындарының әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.