01-02-23 |
380 рет қаралған
Қарағанды әуежайына 31,1 млн теңге айыппұл салынды.
Қарағанды әуежайына 31,1 млн теңге айыппұл салынды

Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 50,24 миллион теңге көлеміндегі монополиялық кіріс тәркіленіп, 31,1 миллион теңге айыппұл салынды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қарағанды «Сарыарқа» әуежайына қатысты тексеру жүргізді. Олар 2018-2019 жылдары отандық авиакомпанияларда авиажанар-жағармайдың монополиялық жоғары бағасын пайдаланғаны белгілі болды.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін әуежай 50,24 млн теңге көлеміндегі монополиялық кірісті өтеген. Сот ұйғарымымен анықталған әкімшілік айыппұл бөліп төлеген.

Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81,34 млн теңге айыппұл өндірілді, деп жазды Zakon.kz.

31 қаңтарда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Алау» ЖШС мен «КуБА Корп» ЖШС-ға қатысты істі тергеп жатқаны белгілі болды. Бағаны бекіткені үшін сұйытылған газды екі сатушы әкімшілік айыппұлға тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.