03-04-24 |
4580 рет қаралған
Қарғын су қаупі: Ассамблея «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске қосқалы жатыр.
Қарғын су қаупі: Ассамблея «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске қосқалы жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтті.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылды. Жоба аясында «Ассамблея жастары» ұйымы, еріктілер орталықтары және ҚХА-ның белсенді мүшелері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнайы көмек көрсетеді. Гуманитарлық жүктерді жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін Қарағанды және Ақмола облыстарына көмек жіберіледі.

Ассамблеяның мәілметінше, өңірлердегі Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталықтар және гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда гуманитарлық көмекке 30 млн теңгеден астам қаржы жиналған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.