15-09-22 |
270 рет қаралған
Қазақстан АЭС құрылысын іске асыруды бастады.
Қазақстан АЭС құрылысын іске асыруды бастады

Елімізде атом электр станциясын салу жобасы аясындағы жұмыс басталды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның айтуынша, болжамды энергетикалық теңгерім 2023 жылға қарай қуаты 2400 мегаватқа дейінгі атом электр стансасын салу қажеттігін көрсеткен.

«Біздің қор Үкіметтің басшылығымен аталған жобаны іске асыруға кірісті. Бұл бағыттағы жұмыс туралы мүдделі тұлғалар, журналистер және қоғам алдында баяндап отыратын боламыз», – деді Сәтқалиев.

Сондай-ақ, қор басшысы қайырымдылық бағдарлама туралы айтты.

«Мемлекет басшысы қор пайдасының 7%-ы «Қазақстан халқына» қорына жіберілетінін айтты. 2018 жылдан бастап қор акцияларының мемлекеттік пакетінде дивидендтер 13 есе өсті. Биыл аталған көрсеткіш 170 млрд теңге болады. Сонымен қатар, шамамен 183 млрд теңге қайырымдылыққа және акционерлердің пайдасына өзге де бөлуге бағытталады. Қордың қайырымдылық бағдарламасы бар. Ол жұмыс «Самұрық-Қазына траст» компаниясы тарапынан жүзеге асырылады», – дейді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.