09-05-24 |
5350 рет қаралған
Бұл – қазақтың батыр ұл-қыздарына алғыс айту күні.
Бұл – қазақтың батыр ұл-қыздарына алғыс айту күні

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында соғыс қаһармандарын есте сақтауға, жалпы алғанда, фашизмді жеңген Ұлы Жеңістің тарихи естелігін сақтауға ерекше көңіл бөлді. Президентіміз айтқандай, батырларымыздың ерліктері Отан қорғаушылардың бүгінгі және болашақ ұрпақтарына үлгі болып табылады.

Осы орайда, Қазақстан Президентінің Ақорда сайтындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтауы барлық соғыс қаһармандарына тағзым мен құрметтің, сондай-ақ тылда еңбек еткен ардагерлердің жанқиярлық еңбегі үшін алғыстың көрінісі болып табылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылып, биыл алғаш рет табыс етілген 1-дәрежелі Сағадат Нұрмағамбетов, 2-дәрежелі Бауыржан Момышұлы және 3-дәрежелі Рақымжан Қошқарбаев атындағы «Айбын» ордендері қазақстандық ерлік пен патриотизмінің нышаны болды.

Бұл тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және жауынгерлеріміздің ерліктерін мәңгі есте сақтау ісіндегі тағы бір маңызды қадам болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.