26-09-22 |
450 рет қаралған
Қазақстан ДНР мен ЛНР-дағы референдумға қатысты ұстанымын айтты.
Қазақстан ДНР мен ЛНР-дағы референдумға қатысты ұстанымын айтты

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей қосып алып жатқан ЛНР мен ДНР, сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстарында өтіп жатқан референдумға қатысты ұстанымы қандай екенін білдірді.

«Өзін-өзі жариялаған ЛНР және ДНР мемлекеттерінің және Запорожье және Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылуы туралы референдум өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады.

Біздің президент талай рет, соның ішінде БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығын анық айтқан болатын», – деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.