18-10-22 |
850 рет қаралған
Қостанайдағы өрт қасақана қойылған – министр.
Қостанайдағы өрт қасақана қойылған – министр

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойынша жүріп жатқан тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді. Ол тілсіз жау табиғи фактор әсерінен тұтанды деген нұсқаны жоққа шығарды.

«Біз өрт табиғи фактор әсерінен болды деген нұсқаны жоққа шығардық. Өйткені, бұл аймақта найзағай болған жоқ. Көбіне найзағай біраз өрттерге себеп болып жатады. Біздің жедел топ 3 қыркүйекте өрт болған жерге келгенде кезде де, тікұшақтан бақылау барысында да негізгі өрттен 1,5-2 шақырым жерде желге қарсы жанып жатқан өрт ошақтары болды. Онда адами фактордың қатысы болғаны сөзсіз. Сонымен қатар, жақын жердегі дала алқаптары өртенді. Бұл өрт әуелде далалық алқапта басталып, кейін жел епкінімен таралғанын көрсетеді», – деді министр.

Юрий Ильин өрт қасақана қойылды деген нұсқамен келісетінін атап өтті. Оның айтуынша, тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының прокуратурасы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеу кезінде бірқатар шенеуніктен де жауап алынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.