Ақтөбе қаласы прокуратурасы жер телімдерін мақсатқа сай емес заңсыз беру дерегін анықтағандарын мәлімдеді.
Ақтөбе қаласы әкімдігімен қала тұрғынының біріне, бау-бақша ұжымында ғимараттар мен құрылыстар салу үшін аумағы 0,1 га жер телімі берілген.
Алайда, әкімдік берген учаске «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолының бойына көшірілген, ал қаланың Бас жоспарына сәйкес бұл учаске жасыл аймақ болып табылады және ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.
Сонымен қатар, учаскені көшіру кезінде 3,9 га кадастрлық құны 102 млн теңгені құрайтын қосымша жер учаскесі бөлінген.
Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз берілген 6 га жалпы сомасы 156 млн теңгеден астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024