11-02-20 |
970 рет қаралған
Қырғызстанға шекара асып кеткен 8 мың қордайлық елге қайтты.
Қырғызстанға шекара асып кеткен 8 мың қордайлық елге қайтты

Қордайдағы бүліктің салдарынан шекара асып, Қырғыстанға кетіп қалған 8 мың Қазақстан азаматы үйлеріне қайтып келді. Үкімет отырысында Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы қазіргі жағдай туралы баяндады.

«Өздеріңіз баспасөзден білесіздер, соңғы үш күннің ішінде көптеген азамат көрші Қырғызстан мемлекетіне өтіп кетті. осы екі күннің ішінде 8 мыңға жуық  Қазақстан азаматы қайтарылды. Кешеден бастап барлық мектептер, балабақшалар бұрынғыдай өздерінің жұмыстарын жасап жатыр. Барлық сауда дүкендері де өздерінің жұмыстарын бастады. Ертең өртенген үйлердің, сауда дүкендерінің құрылыстарын салған кезде жергілікті құрылыс компаниясы тартылады. Жергілікті тұрғындарды соған біз тартамыз. Сол елдімекеннен шыққан кәсіпткерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Сол кәсіпткерлер өздері де көмектесеміз, қолдаймыз деп ұсыныс жасап жатыр. Шығындарға олардың да мүмкіндіктерін пайдаланамыз деген ойларымыз бар», -деп мәлімдеді жаңа әкім.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаевтың айтуынша өткен бес күннің ішінде 141 адам дәрігерлік көмекке жүгінді.

«Оның ішінде 19 полиция қызметкерлері. Өкінішке орай 10 адам қайтыс болды. … Қордай ауруханасында 13 адам, Алматы қаласы ауруханасында – 25. Қырғызстанда болған 9 адамды Қордайға және Таразға  қайтардық. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Алматыдан он белгілі мықты дәрігерлерді шақырдық», -деді Жамбыл әкімі Үкімет отырысында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.