15-05-23 |
290 рет қаралған
Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға жеткізу шарты ұзарды.
Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға жеткізу шарты ұзарды

Жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға транзиттеу туралы шарт ұзартылды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ мәлімдеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Роснефть» ҰК» ЖАҚ Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа қосымша келісім жасасқан.

Осылайша, екі ел үкіметі арасында 2013 жылғы 24 желтоқсанда бекітілген шарт мерзімі 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды. Қосымша келісім жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдауды және қолданыстағы тарифті сақтауды көздейді.

Қазір «ҚазТрансОйл»-дың «Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) – Атасу (ҚР) – Алашаңқай (ҚХР)» бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын тасымалдау қызметінің тарифі – тоннасына 15 АҚШ доллары (ҚҚС есебінсіз). Оның ішінде «Атасу» БМАС-ға мұнайды ауыстырып тиеуді қоса алғанда, «Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс өңірі) – Атасу учаскесінде тариф – 1 тоннаға 4,23 АҚШ доллары (ҚҚС есебінсіз), «Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашаңқай (Қытай Халық Республикасы)» учаскесінде – 1 тоннасы үшін 10,77 АҚШ доллары (ҚҚС есебінсіз).

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» Қытайға 3,2 млн тонна Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.