22-10-22 |
690 рет қаралған
Сайлауалды символдарға мән берудің маңызы қандай?.
Сайлауалды символдарға мән берудің маңызы қандай?

Кешеден бастап президенттікке үміткерлер өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастаған болатын. Тоқаев командасы бұл сайлау кампаниясында екі нәрсеге ерекше акцент жасаған екен. Ол біріктіруші символ жалау және кандидаттың есімі. Бұл туралы сарапшы Елдос Жұмағұлов айтты.

Сарапшының сайлауалды символдар жайлы талқылауын назарларыңызға ұсынамыз.
Бұл бұрын біздегі сайлау кампанияларында болмаған креативті және заманауи қадам. Ерекшелік фотосуреттерінің болмауы және кандидаттың аты-жөнін визуализациялау арқылы орналастыру болып табылады.

Неге ту?
Туды кие тұтып, айрықша қастерлеу – арғы аталарымыздан тамыр тартқан мәні бар дәстүр. Ел басында күн туғанда көсемдер мен батырлар халықты ту астында бірігуге шақырған. Батыр бабаларымыз «бөрілі байрақ» астында бас қосып, бөлінбес елдің бірлігін бекемдеген. Ұлы жорықтарда аруақты батырына байрағын ұстатқан. Сол туға қарап жауынгерлер жігерін жаныған, на¬мысын қайраған. Желбіреген жалау жаужүрек батырлардың рухын оятқан.

Неге кандидаттың суреті емес, оның аты-жөні?

Қазақ балаға ат қоюда ерекше мән берген. Көп жағдайда ырымдап, жақсы ниетпен қояды. Атаудың семантикасы қазақтар қабылдаған жақсы семантикалық мәнді білдіреді.

Кандидат есімінің мағынасы

Қасым-Жомарт есімінің түп-төркініне үңілетін болсақ, «Қасым» сөзі араб тілінен аударғанда «әдемі, сұлу» мағынасын береді. «Таратушы, үлестіруші» деген мағынасы да бар. Ал «Жомарт» сөзі «дарқан және бекзат» мағыналарын береді. Қазақ халқының ұғымында қайырымды, мейірімді, қолы ашық мырза.

Қазақта әріде қасқа жолды Қасым хан, беріде арқалы ақын Қасым Аманжолов өткен. Аңыз тұлға Атымтай жомарт – мәрттік пен жомарттықтың үлгісі.

Қосарланған есім ретінде Қасым-Жомарт есімі «қолы ашық, мырза, қара қылды қақ жарған әділ» деген мағынаны білдіреді.

Әкесінің Қасым-Жомарт деп атауының мәні

Бұл есімінің тарихы тереңде. Оның аты әкесі Кемелдің туған ағасы Қасымның құрметіне қойылған. Кемел мен Қасым жетімдіктің дәмін бірге татып, балалар үйінде тәрбиеленген.
Жасы үлкен Қасым інісі Кемелге бар қамқоршы болған. Қасым соғысқа да ерте аттанып, содан оралмайды. «Артында тұяқ та қалмады» деп қиналған Кемел өзі үйленген соң тұңғыш баласының атын Қасым-Жомарт қойған.

Осылайша, үзіле жаздаған Тоқа әулетін одан әрі жалғауға тиіс болған, тұтас әулеттің үмітін арқалаған ұл – Қасым-Жомарт болатын.

Бұл үмітті толық ақтағанына куәміз

Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге «қолы ашық, ел-жұртына шапағаты тиетін жомарт әрі қамқор, қара қылды қақ жарған әділ болсын» деген ниетпен қояды.
Президенттің атасы Тоқа біртоға, жуастау, ерекше балажан кісі болған деседі. Бұл отбасы қазақы салт-дәстүрге мығым болған екен. Мемлекет басшысының текті жерден шыққанын көреміз.

Әкесі Кемел және ағатайы Қасым арасында өзара сыйластық пен қамқорлық балаға тәрбие ретінде қатты әсер еткені сезіледі. Әкенің ағасына аса құрметпен қойған есімін қадірлеу саяси қайраткердің өмірлік кредосына айналса керек.

Адам есімі оның тағдырын анықтайды дегенге осы жерде иланамыз. Халықтық коалиция штабы біздің қоғамдағы құндылықтарға сүйеніп сайлауалды символдарға мән берген. Ол құндылықтар отбасылық құндылықтармен үндеседі. Отан отбасыдан басталады деген. Отбасы түзу болса, мемлекет түзу.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.