01-03-23 |
530 рет қаралған
Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыру сұралды.
Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыру сұралды

Сот барысында Алматы облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыру сұралды.

Талдықорған қалалық сотында Алматы облысы ПД-нің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот жалғасып жатыр. Күдебаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 2-бөлігі (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша айып тағылды. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Ерлан Қыдырбаев сотталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұған дейін Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде басшылықтың әлсіздігінен күш құрылымдары әлсіздік танытқанын хабарлаған болатын. Мысал ретінде қадағалау органы Талдықорғандағы тәртіпсіздіктер кезінде Күдебаевтың полиция ғимаратынан шығып кеткен жағдайды келтірді. Күдебаевқа қатысты сот 5 қаңтарда басталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.