11-05-23 |
1440 рет қаралған
Шымкентте пойыз вагондары аударылып қалды.
Шымкентте пойыз вагондары аударылып қалды

Шымкентте Игілік-Бадам темір жолының 3266 шақырымында 18 жүк вагоны аударылып қалды. Бұл вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы 2489 жүк поезының құрамында болған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай бүгін күндізгі сағат 16.37-де орын алған. Аударылған вагондардың 17-сі бос болған. Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалып, темір жол төсемінің ішінара зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.

«Теміржолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қалалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы 77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ», – делінген хабарламада.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.