13-03-20 |
480 рет қаралған
Тоқаев Қазақстанның бюджет шығынын шұғыл арада қайта қарастыруды бұйырды.
Тоқаев Қазақстанның бюджет шығынын шұғыл арада қайта қарастыруды бұйырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеумметтік-экономикалық болжамы мен бюджет шығынын шұғыл арада қайта қарастыруды бұйырды.  Үкімет пен бірқатар мемлекеттік органдар қатысқан Шұғыл әрекет ету штабының отырысында Тоқаев осылай деді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттің шығын баптарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттаған жөн екенін айтты.

Үкіметке ең алдымен отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді делдалсыз тікелей және ашық сатып алу жүйесіне көшу тапсырылды.

Үкімет ірі отандық кәсіпорындармен бірлесіп өндірісті қолдау және кеңейту, жұмыс орындарын сақтау жөніндегі дағдарысқа қарсы мақсатты жоспарлар әзірлесін.

Президент жергілікті тауарлар мен жұмыс күшін пайдалана отырып, инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуді қарастыратын Жұмыспен қамтудың Жол картасын жүзеге асыруға 300 млрд. теңгеден кем емес қаражат бөлуді тапсырды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп қазақстандық бизнесті несиелендіруді азайтуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Аймақтардың әкімдері азық- түлік және қызмет көрсету бағаларын бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізуі тиіс.

Президент сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, оның ішінде әлеуметтік желілерде, жекелеген тауарларға деген дүрлікпе мен қауесеттің алдын алу үшін ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тауарлық қорлар Қазақстан халқының барлық тұтыну өнімдері бойынша қажеттіліктерін толық жабады, тапшылық қаупі жоқ екенін айтты деп жазады Ақорда сайты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.