18-05-24 |
7470 рет қаралған
Астанада терроризммен айналысқан 8 тұрғыны сотталды.
Астанада терроризммен айналысқан 8 тұрғыны сотталды

Сот үкімімен астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін сотталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.

Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған.

Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді.

Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады.

Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.