Logo
Іздеу
Айдарлар

Перизат Қайраттың шағымы: СИЗО видеосы жарияланды (ВИДЕО)

/
Перизат Қайраттың шағымы: СИЗО видеосы жарияланды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзден алынды

Астана қалалық полициясы тергеу изоляторындағы даулы оқиғаға қатысты бейнежазбаны жария етті. Бұл бейнебақылау кадрлары — сотта Перизат Қайрат айтып шағымданған жағдаймен байланысты.

Оның айтуынша, СИЗО қызметкері камераның есігін қатты жауып, оның қолын қысып, дене жарақатын келтірген.

Ал тергеу тарапынан алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, жарияланған видеода аталған сәтте күш қолдану немесе зорлық белгілері байқалмайды. Дегенмен, бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары