Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
қылмыс

Мадина Авезова өлер алдында анасына видео жіберген

Мадина Авезова өлер алдында анасына видео жіберген
Сурет: скриншот

19 жастағы Мадина Авезованың қазасына қатысты жаңа деректер айтылды. Марқұм қайтыс болардан аз уақыт бұрын анасының WhatsApp нөміріне өз аккаунтынан видео жіберген, деп хабарлайды Arasha.kz, Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мадинаның анасы мен жақындары журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтқан.

Мадинаның құрбысының сөзінше, анасына келген видеода көйлектің етегі көрінеді. Кадрдағы адам шелек немесе басқа бір тіреуіштің үстінде тұрғанға ұқсайды. Сондай-ақ оның бет тұсында арқан болғаны байқалады.

Құрбысы бұл видео Мадинаның өзіне қол жұмсауға дайындалып жатқанын көрсету мақсатында әдейі түсірілген болуы мүмкін деп топшылайды. Алайда ол видеоның шынайылығына күмән келтірген.

Атап айтқанда, видеоны нақты кім түсіргені белгісіз. Сондай-ақ кадрдағы адамның шынымен Мадина екені әзірге анықталмаған.

Марқұмның құрбысы видео оқиғаның белгілі бір нұсқасын қалыптастыру үшін алдын ала түсірілген болуы мүмкін деген болжамын да айтқан. Сонымен қатар ол видеоның түсірілуіне Мадинаның күйеуі қатысы болуы ықтимал деген пікір білдірді.

Айта кетейік, бұл - марқұмның жақын адамы айтқан болжам ғана. Аталған мәліметтер ресми түрде расталған жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайын тергеу анықтауы тиіс.