Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
қылмыс

Астанада 21 жыл бұрын болған адам өлімі ашылды

Астанада 21 жыл бұрын болған адам өлімі ашылды
Фото: freepik

Астанада 2005 жылы жасалған адам өлтіру қылмысының беті 21 жылдан кейін ашылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға болған жылы елорда аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылған. Алайда сол кездегі тергеу барысында қылмысты ашуға қажетті дәлелдер жеткіліксіз болған.

Биыл полиция істі қайта қолға алып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.

Тамыз айында күдіктілер ұсталып, тергеу кезінде кінәсін мойындаған. Қазір олардың екеуі де қамауда.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.