Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
қылмыс

Ақтөбе облысында жоғалған адамның басы тоңазытқыштан табылған

Ақтөбе облысында жоғалған адамның басы тоңазытқыштан табылған
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында болған қатыгез кісі өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 11 қазанда Хромтау қаласының тұрғыны полицияға күйеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Іздестіру барысында тәртіп сақшылары оның достарынан, әріптестерінен және көршілерінен жауап алып, кейін екі танысына күдік келтірген.

Күдіктілердің пәтеріне жүргізілген тінту кезінде тоңазытқыштан марқұмның басы табылған. Осыдан кейін олар қылмысты мойындаған.

Тергеу мәліметінше, ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы кісі өліміне ұласқан. Қылмысты жасыру мақсатында олар мәйітті бөлшектеп, дене бөліктерінің бір бөлігін қала сыртына апарып тастаған.

2025 жылдың ақпанында сот негізгі айыпталушыны адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екінші сотталушы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға сотталды.