08-02-23 |
560 рет қаралған
Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.
Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жеке концерттерінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударатынын мәлімдеді.

8 ақпан күні Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5 434-ке жеткенін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.