06-09-22 |
630 рет қаралған
Ұстау кезінде Рысбек Сәрсенбайұлының халі нашарлап, жедел жәрдем шақыртылды.
Ұстау кезінде Рысбек Сәрсенбайұлының халі нашарлап, жедел жәрдем шақыртылды

Таңертең министрлік үйінің алдына қаңтар оқиғасында зардап шеккендердің туыстарын қолдау үшін Алматыдан қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы да келген. Полиция оны да ұстап әкетіп, кейін босатқан. Алматы аудандық полиция бөліміне апарғанда белсендінің қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан.

«Мені зорлап тергеушіге апармақ болды. Бар болғаны кім екенімізді, не үшін келгенімізді анықтау керек дейді. Сол үшін сүйреу керек пе? Сол жерде де анықтауға болады ғой. Мені осы жерге әкелген соң жағдайым қатты қиындады. Мені күшпен кіргізбек болды. Әрине қарсыластым, мал емеспін қой оларға айдауға жүретін. Ал соның салдарынан менің қазір қан қысымым көтеріліп кетті. Одан кейін жүрегім қақты. Ал дәрігерлерді шақыр десем шақырмайды. Әрең шақырды. Ал бұл дегеніңіз – азаптау», – деді Рысбек Сәрсенбайұлы Азаттық радиосына.

Бұған дейін елордада саясаткер Рысбек Сәрсенбай мен бірқатар азамат қамауға алынғанын хабарлағанбыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.