26-09-22 |
550 рет қаралған
Вашингтон Мәскеу ядролық қаруды қолданса оған қатаң жауап беретінін ескертті.
Вашингтон Мәскеу ядролық қаруды қолданса оған қатаң жауап беретінін ескертті

АҚШ Ресейге Украинада ядролық қаруды қолданудың салдары үлкен зардапқа әкелетінін ескертті. Ақүйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан егер Ресей Украинада атом бомбасын қолданса, АҚШ пен оның одақтастары қатаң жауап қатуға мәжбүр болатынын мәлімдеді.

Ол сондай-ақ Вашингтон Украинаны қолдауды жалғастыра беретінін, бірақ Ресейдің ішкі мәселесіне араласпайтынын жеткізді.

«Біз Ресей тарапымен жоғары деңгейде тікелей байланыс жүргізіп, егер Украинада ядролық қаруды қолданса, оның арты үлкен апатқа әкелетінін ескерттік», – деді саясаткер.

Оның айтуынша, америка әкімшілігінің өкілдері Ресей ядролық қару қолданса, АҚШ пен оның одақтастары қатаң жауап беретінін ашық айтқан.

«Ресеймен арада болған сөзді толықтай айта алмаймыз, бірақ олар осы тақырып бойынша кете берсе оның арты не болатынын түсініп отыр», -деді Байденнің көмекшісі.

Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин бұл шиеленісте ядролық қатер төндіретінін бірнеше рет қайталаумен келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.