15-09-22 |
310 рет қаралған
Зеленский мінген көлік жол апатына ұшырады.
Зеленский мінген көлік жол апатына ұшырады

Украина президенті Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлім еткендей, президент мінген көлік Киевте жол апатына түскен, деп жазды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желіде жариялады.

«Киевте жеңіл автокөлік Украина президенті мінген және оның артынан еріп келе жатқан көліктермен соқтығысқан. Мемлекет басшысының жанындағы дәрігерлер жеңіл көліктің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге табыстаған. Дәрігер сондай-ақ, президенттің де жағдайын тексеріп, алаңдайтын жарақат жоқ екенін айтты. Жол апатының анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайды», – деп жазған баспасөз хатшы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.