26-02-23 |
440 рет қаралған
Жанар Жандосованы сайлаудан алып тастады.
Жанар Жандосованы сайлаудан алып тастады

«Оның декларациядағы деректерінде сәйкессіздіктер бар», – деді Алматы АСК төрайымы Айгүл Қалықова.

Жанар Жандосованың өзі декларацияны қате өткізуім мүмкін емес деп отыр, ол сәйкессіздік қай жерде орын алғанын егжей-тегжейлі тексеретінін айтты.

Жанар Жандосова №17 сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде сайлауға түскен.

Сондай-ақ тағы бірнеше адам сайлауға қатысудан шеттетілді.

24 ақпандағы жағдай бойынша сайлаудан мына азаматтарды шеттеткен:
– Актер Тұңғышбай Жаманқұлов (мәжіліс 4-ші округ);
– R.T.A.Group» ЖШС-нің директоры Рустембек Көшербаев (мәжіліс 5-ші округ);
– ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценты Болат Сайлан (мәжіліс 5-ші округ);
– «Фирма Строй Рем Сервис» ЖШС, «Medical Development» ЖШС-нің бас директоры Азамат Қалматаев (мәжіліс 17-ші округ);
– Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 3 курс студенті Иляс Юсупжанов (мәжіліс 7-ші округ).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.