07-10-22 |
690 рет қаралған
Жиырма жылдан артық билікте отырған Путинге ресейліктердің көзқарасы өзгерді ме?.
Жиырма жылдан артық билікте отырған Путинге ресейліктердің көзқарасы өзгерді ме?

7 қазанда Ресей президенті Владимир Путин 70 жасқа толды. Осы күнге дейін ол оппозицияны басып-жаншып, Украинаға басқыншылық жасаған соң елдің болашағына балта шапқандай болды. Ресей әскерінің соғыстағы сәтсіздіктері мен халық құптай қоймаған мобилизациядан соң жұрттың Путинге көзқарасы өзгеруі мүмкін дейді сарапшылар.

Биыл 70 жасқа толған Ресей президенті Владимир Путиннің мерейтойы авторитар лидердің жиырма жылдан астам уақытқа жалғасып келе жатқан билігінің ең күрделі проблемаларымен тұспа-тұс келіп отыр. Ол Украинаға басқыншылық жасай отырып, таразының бір басына соғысты, ал екінші басына бар жинаған атақ-даңқы мен беделін қойды, деп жазды Азаттық радиосы.

Владимир Путин оппозиция өкілдерін аяусыз басып-жаншып, ең белсенділерін елден қуды. Соған қарамастан, халық қолдауына ие болып келген оның рейтингі енді төмендеуі мүмкін. Қазір Украинадағы соғыс бір адамның қолына шоғырланған саяси жүйенің әлсіз тұсы болып отыр. Путиннің жоғарғы билікте отырғанына 23 жыл болды, осы уақыт ішінде ол Ресей президенті және премьер-министрі лауазымын атқарды.

«Жағдай түбегейлі өзгерген деп жорамал жасап отырмын» деді «Левада-Центр» тәуелсіз зерттеу агенттігінің социологы Лев Гудков. Ол Путиннің 21 қыркүйекте әскери мобилизация жариялағаны жағдайды түбегейлі өзгерте алады деп топшылайды.

«Мобилизация бәріне тиіп жатыр… Мобилизацияның жариялануы жағдайды түбегейлі өзгертті: соғыс Ресейдің ішіне келді» деді ол.

Ресейдің басқыншылығы Украина билігі мен халқының қарсылығына тап болды. Өткен айда Украина күштерінің Харьков облысындағы қарсы шабуылы Ресей әскерін кері шегінуге, Путинді мобилизация жариялауға мәжбүр етті. Ол бірнеше ай бойы мұндай қадамға бармайтынын айтумен болған еді.

Кремль ашқан соғысқа Батыс та реакция білдіріп, Ресейге санкция салды. Ал Швеция мен Финляндия НАТО одағына кірді.

Ресей халықаралық қауымдастықтан бұрын-соңды былай оқшауланған емес.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.