10-03-24 |
3960 рет қаралған
Асу Алмабаев UFC-гі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Асу Алмабаев UFC-гі екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Асу Алмабаев (19-2) UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіс сериясын ұзартты.

Алмабаев Майамиде (АҚШ) өткен UFC 299 турнирінде өнер көрсетті, ол америкалық файтер Си Джей Вергараны (12-5-1) басымдықпен жеңді. Асу барлық раундтарды 30-27, 30-27, 30-27 есебімен шешіп, бірауыздан жеңіске жетті.

Бұл жеңіс 30 жастағы қазақстандыққа жеңісті сериясын он бес жекпе-жекке дейін ұзартуға мүмкіндік берді. Алмабаев соңғы рет 2017 жылы әзірбайжандық Мехман Мамедовтен (7-6) ұтылып қалған болатын. Содан бері қазақстандық жауынгер жеті жыл бойы жеңілген емес. UFC турнирінде Алмабаев екі жекпе-жекте де жеңіске жетті: Вергарамен жекпе-жек алдында Асу америкалық Ауди Осборнды (12-6) екінші раундта тұншықтырып жеңді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.