05-09-20 |
1680 рет қаралған
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін Қазақстан халқының тілдері күні. Бұрын 22 қыркүйекте тойланып келген мереке 2017 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне ауыстырылды. Яғни, Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазанындағы Қаулысына сәйкес 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні.
Заманында «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұран тастаған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы бұл құрметке сөзсіз лайық. Ол қазақ әліпбиінің негізін салды. Ахмет атаның төте жазуы ұлттың сауатын ашты, шетелдегі қазақтардың көбі әлі осы әліпбиді қолданады.
Бүгінде Алаш арыстарының тәуелсіз мемлекет болу деген арманы орындалды. Елбасы мен «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұлттық құндылықтарды сақтау жолында қыруар іс атқарылып жатыр. Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.