24-05-20 |
2380 рет қаралған
Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілсе.
Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілсе

«Ана тілі» газетінің бас редакторы, ақын, белгілі публицист Жанарбек Әшімжан Талдықорған қаласындағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы бастама көтерді.

«Осы орайда тікелей өзі қазығын қағып, күндіз-түні басы-қасында болған облыс орталығы – Талдықорған шаһарындағы хан сарайындай Журналистер үйі ресми түрде Бейсен Құранбектің есімімен аталса ел көңілінің төрінен орын алар ең үлкен сауапты іс болар еді. Барша әріптестер мен тілектес жұрттың бұл ұсынысын аймақ басшысы Амандық Баталов қолдайды деген ниеттеміз» деп жазады ол.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығын тағайындаған еді.

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған. Ұзақ жылдар республикалық телеарналар: «Рахат», «31-арна», «Хабар» арнасында және Президент телерадиокешенінде қызмет атқарды.
2007 – 2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
2013 жылдан Қазақстан Ұлттық арнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі әрі жоба жетекшісі болды.
2014 жылдың қазан айынан бастап Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Қазақстан Ұлттық арнасында өз жобасы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.