17-02-20 |
570 рет қаралған
Дәурен Абаев: Митингілер туралы заң сайлауға дейін қабылданады.
Дәурен Абаев: Митингілер туралы заң сайлауға дейін қабылданады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамдық ұйым өкілдері, Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшелері және заңгерлермен митингілер туралы заң жобасын талқылады.

Талқылау барысында көптеген ұсыныстар айтылды. Құқыққорғаушы Маржан Аспандиярова митинг, шерулер туралы заң жобасының қабылдануы тым ұзаққа созылып бара жатқанын және заң алдағы сайлаудан соң ғана қабылдана ма деген күдігін айтты. Аспандиярованың сөзіне министр Дәурен Абаев «Заң сайлауға дейін қабылданатынын» айтты. Сондай-ақ министр заң жобасы туралы мұндай талқылаулар аймақтарда да өтетінін хабарлады. Әрі айтылған ұсыныстар қаперге алынатынын да жеткізді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.