04-05-24 |
6530 рет қаралған
Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.
Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.