22-02-24 |
8350 рет қаралған
Алматыда күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел сотталды.
Алматыда күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел сотталды

Алматы облысында отбасындағы жанжал кезінде күйеуін жолда кетіп бара жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты.

– 2023 жылдың қазан айында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген. Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған, – делінген ақпаратта.

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденіп, қылмыстық іс материалдарымен расталған.

– ҚК-нің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай алкогольден масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау болып табылады. Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.