16-04-24 |
3420 рет қаралған
Ақтауда әйелді өлтіріп, артынша өртемек болған.
Ақтауда әйелді өлтіріп, артынша өртемек болған

Ақтауда 16 сәуір түнде әйелді өлтіріп, артынан өртеп жіберген оқиға тіркелді.

Полиция жағдайға қатысты түсініктеме берді. 14-ші шағын ауданда тұрғынды өлтіру оқиғасы бүгін, 16 сәуірде түнде болды. Өрт туралы қоңырауға келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жанып жатқан пәтерден әйелдің денесін тапқан.

Адамдардың айтуынша, марқұмның аты Парахат. 1972 жылы туған әйел 14-шағын аудандағы тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілерінің айтуынша, ұсталған ер адам оның бірге тұратын танысы болған.

«Бәріміз таңғы сағат бестен он минут кеткенде далаға шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көршісі шақырған. Менің білуімше, полиция оны өлтірген ер адамды тоғызыншы қабатта ұстаған», – дейді марқұмның көршілерінің бірі.

Үй тұрғындарының айтуынша, әйелді пышақтап өлтірген, кейін пәтерді өртеп жібермек болған.

«Өрт сөндірушілер тез жетіп, өртті сөндірді. Мен кездейсоқ полиция қызметкерінің фотосуретін көрдім: ол жерде жалаңаш, бетін төмен қаратып, дәлізде жатыр екен. Қорқынышты. Бұл өте қорқынышты», – деп бөлісті көршілердің бірі.

Полиция департаменті жағдайға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.