03-06-24 |
4140 рет қаралған
Асырап алушы баларға зәр ішкізіп, нәжіс берген.
Асырап алушы баларға зәр ішкізіп, нәжіс берген

Аталған қылмыс бойынша біз ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеді.

Бұл оқиғада біраз сұмдық бар, соның бірі – балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергелуде.

Бұл жағдайда балалардың үлкенінің денесіндегі көгерген жерлерді көрген мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына сұрақ көп. Оларға қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт.

Осыған байланысты ақпан айының соңында Президент Әкімшілігінде әкімдіктерімен кездесу өткізілді, нәтижесінде:

Наурыз айынан бастап барлық асырап алушы отбасыларға рейд жүргізу басталды. Аяқталу мерзімі – 1 шілде.

Заңға өзгерістер енгізілді: мемлекеттік органдарға, соның ішінде қамқоршылық органдарына тексеру жүргізу бойынша өзгерістер қабылданды. Бұрын қамқоршылық органдарына тұрақты тексерулер жүргізілмеген.

Сонымен қатар, қамқоршылық органдары қызметкерлерінің тапшылығын жүйелі түрде шешу үшін біз Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен және депутат Ю.В. Кучинскаямен бірлесіп, заңға қамқоршылық органдары қызметкерлерінің құзыреті мен санын бекіту туралы түзетулер дайындап, жолдадық. Олар бұл саладағы түбегейлі өзгерістер енгізу үшін ерекше маңызды. Қазір олар үкіметтің қорытындысында.

Мысалы, қазір Шымкент қаласындағы 485 мың балаға 5 қамқоршылық қызметкері ғана бар, яғни бір қызметкерге 90 мың бала келеді. Түзетулерді енгізу халықаралық нормативті бекітуге мүмкіндік береді: 1 қызметкерге 5 мың бала, яғни Шымкентте 5 емес, 90 қызметкер болады.

– Қамқоршылық қызметкерлерінің 28-ден астам қызметі бар. Өткен жылы олар 27 мың сот отырысына қатысты.

– Қамқоршылық қызметкерлеріне көлік берілмейді, сондай-ақ олардың жалақысы төмен.

Осы орайда біз қамқоршылық қызметкерлерінің балалар санына қатынасын халықаралық стандартқа (немесе төменгі шегіне) сәйкес 1 қызметкерге 5 мың бала деп көрсету маңызды деп санаймыз. Алайда бұл мәселе үкіметте әлі де талқылануда. Әкімдіктер қызметкерлер санын арттыруды қаржыландыруға келісімдерін жазбаша түрде берді. Өзгерістер қолдау табады деп үміттенемін.

Сондай-ақ, біз қызметкерлер жалақысын 50%-ға арттыру мәселесін қарастырдық. Бұны үш аймақтан басқа барлық аймақ қолдап, келісім берді. Бұл мәселемен де айналысып жатырмыз.

Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты қабылданған заңды сапалы түрде жүзеге асыру үшін бұл өте маңызды норма. Қамқоршылық қызметкерлерін санының нормативін бекіту, олардың санын арттыру – балалар құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігінің негізі.

Бұл балаларды қорғау жүйесі үшін ең маңызды қадам болмақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.