15-08-24 |
5660 рет қаралған
Павлодарда бөтеннің көлігін өртеген адам мен тапсырыс беруші анықталды.
Павлодарда бөтеннің көлігін өртеген адам мен тапсырыс беруші анықталды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында павлодарлық жедел уәкілдер Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеуге қатысқан адамдарды анықтағандарын мәлімдеді.

Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала жоспарлап, Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынған. Ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдалану арқылы Майра көшесіндегі үйдің тұрағындағы автокөлікті өртеп жіберген.

— Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталды, — деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.