Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің тұсында Атакент көрме орталығының алдындағы алаңқайға орнатылған алып тиінді қазіргі әкім Сағынтаевтың командасы алып тастайды екен-мыс деген сөз шықты.
Бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп, жалпы құны 23 миллион теңге болған алып тиіннің тағдыры әлдекімдерді қатты алаңдатыпты. Бір әкім салған нәрсені, келесі бір әкімнің бүлдіріп, бұзатыны Қазақстанда бұрыннан бар әдет. Алматыдағы Бауыржан Байбектің көзіндей болып қалған тиінді Сағынтаевтың адамдарды алып тастаса, оған кеткен қазынаның ақшасы кімнің мойнына жүктеледі, кім қайтарады дейтін сауал да көлденеңдеген. Сөйтіп, алып тиінді тұрғызушы Funk компаниясының директоры Майра Измайлова кеше, 9 қарашада Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашевпен кездесіпті.
Изаймалованың айтуынша, басқарма басшысы «Тиінді ешкім алып тастағалы жатқан жоқ. Егер жақын арада тиіннің сыртқы келбеті қалыпқа келтірілсе, тиін тұра береді» депті. Майра Измайлова тиіннің сыртқы көрінісін көрер көзге тартымды етіп жасау үшін әріптестерімен екі айға жуық ақылдасу керек екен. Осы уақыт ішінде әкімшілік шешімін өзгертпес үшін Сағынтаевтың командасына тиіннің тағы бірнеше нұсқасын көрсетіп, әкімшіліктің «тиінге тиіспейміз» деген уәдесін алу керек екен.
Осылайша, Байбектің алып тиінінің тағдыры қыл үстінде тұр. Қазір Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Партияны жаңғырту бойынша қауырт жұмыс істеп жатқан көрінеді. Ол кісінің тиіннің тағдырына араша түсер мұршасы бола ма, болмай ма белгісіз. Ал Сағынтаевтың командасына Байбектің көзінде болып тұрған алып тиін ұнамай қалсе керек…
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024