Logo
Іздеу
Айдарлар

Украина президент сайлауы: Зеленский жеңісін тойлап, Порошенко жеңілісін мойындады — экзит-полл.

/
Украина президент сайлауы: Зеленский жеңісін тойлап, Порошенко жеңілісін мойындады — экзит-полл.

Украинадағы президент сайлауының екінші турында шоумен Владимир Зеленский жеңіске жеткенін сайлау учаскелерінен шыққан дауыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамалар айғақтады.

Ұлттық экзит-полл деректеріне қарағанда, сайлаушылардың 73,2% Зеленскийге дауыс берген. Ал «Украинская правда» мәліметінше, Украинаның қазіргі президенті Порошенко 25% пайыз дауыс жинаған.

Петр Порошенко экзит-полл деректерін қарап, жеңілісін мойындаған. Ал Зеленскийдің сайлау штабы жеңісті тойлап жатыр.

«Мен президент қызметінен келесі айдан бастап кетемін. Көптеген украиндықтар осылай шешті. Бұл шешімді мен қабылдаймын» депті Порошенко.