Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Абай облысында жоғалған 7 жастағы бала ауылдан төрт шақырым жерден табылды

Абай облысында жоғалған 7 жастағы бала ауылдан төрт шақырым жерден табылды
Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Абай облысының Үржар ауылында жоғалып кеткен жеті жастағы бала аман-есен табылды. Полицейлер оны елді мекеннен төрт шақырым қашықтықтағы егістік алқабынан тапқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға күндіз болған. Атасы мен әжесінің қарауында жүрген бала ауладан өздігінен шығып кетіп, белгісіз бағытқа бет алған.

Немересінің жоғалғанын байқаған туыстары алдымен өз күштерімен іздеуге кіріскен. Алайда нәтиже болмаған соң полициядан көмек сұраған.

Баланың әжесі немересінің дамуында ерекшеліктер бар екенін айтып, оны тезірек табуға көмектесуді өтінген.

Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын бастаған. Олар ауыл көшелерін, тұрғын үйлердің аулаларын, су айдындарының маңын және бала баруы мүмкін басқа да аумақтарды тексерген.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде сағат 16:00 шамасында полиция капитаны Азамат Дүйсебаев пен полиция аға лейтенанты Ролан Байтлеуов баланы Үржар ауылынан төрт шақырым жердегі егістіктен тапты.

Құқық қорғау қызметкерлері баланың табылғаны туралы қуанышты хабарды бірден жақындарына жеткізген.

Осылайша, полицейлердің жедел әрекетінің арқасында жеті жасар бала аман-есен табылды.