Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Садыр Жапаров қазақ халқына алғыс айтты.

Садыр Жапаров қазақ халқына алғыс айтты.

Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-министрі Садыр Жапаров қазақ халқына және президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Бұл туралы Ақорданң баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қырғыз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлескен. «Әңгімелесу барысында Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты» деп жазады президенттің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Қ.Тоқаев: «Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді» деген.

Садыр Жапаров Қырғызстан президенті қызметін уақытша атқарушы және премьер-министрі лауазымдарын тапсырып, президент сайлауына қатысады. Бұл туралы ол бұған дейін ресми мәлімдеген еді.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Қырғызстанға көмектесуге уағдаласқан еді.

 

Бөлісу