Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақшы.

/
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақшы.

Қазақстанда «Алаш-Желтоқсан» атты партия құрылмақшы. Партия құруға бастамашыл топ — «Желтоқсан-86» ұйымының белсенділері. Бұл туралы «Азаттық радиосы» жазады.

Бастамашыл топтың айтуынша, партияның құрылтай съезін өткізуге рұқсат алынған. Енді олар қол жинауға кіріспек.

Сондай-ақ олар құрылмақшы партияның оппозициялық партия болмайтынын, ұлттық мәселелерді көтеретін саяси ұйым болатынын айтқан.